Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Одақтастық қатынастар туралы келісімге қол қойды және Мемлекетаралық Жоғары кеңестің бірінші отырысының қарарын қабылдады.  

Мемлекет басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

Еңбек қызметі және азаматтардың құқықтарын қорғау туралы үкіметаралық келісім;

Сыртқы істер министрліктері арасында 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары;

Мектепке дейінгі білім беру, кәсіптік-техникалық білім, орта арнаулы, жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

2024-2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша «жол картасы»;

2024-2026 жылдарға арналған туризм саласындағы іс-шаралар жоспары;

Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттік арасында 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заңгерлердің біліктілігін арттыру орталығы мен Әзербайжан Республикасының Әділет министрлігі Әділет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы мен Әзербайжан Республикасы Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

Сот сараптамасы орталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама.

Сапар барысында Ташкент пен Баку, Шахрисабз бен Бейлаган, Жызақ пен Губа қалалары арасында ынтымақтастық туралы келісімдер мен басқа да екіжақты құжаттарға қол қойылды.