Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы көп қырлы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі тұрақты өсуде. Бірлескен кәсіпорындар саны 4 есеге өсті.
Әзербайжанда 2021 жылдың қыркүйегінде отандық автокөлік құрастыру зауытының іске қосылуы бірлескен сәтті жобалардың бірі болды. Сапар қарсаңында өткен бизнес-форумда жарты миллиард долларды құрайтын жаңа инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Өзбекстан мен Әзірбайжан басшылары екі елдің мұнай-газ, газ-химия, тоқыма, фармацевтика, шарап және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Көлік коммуникациялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Көлік дәліздерін дамыту мен жүк тасымалы тарифтерін оңтайландырудың маңыздылығы атап өтілді.
Президенттер өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудың, бірлескен іскерлік және мәдени шараларды өткізудің, туристік алмасуды арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында белсенді диалог пен өзара қолдауды жалғастыру мәселелерін сөз етті.