Мемлекет басшылары күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айт – «Ид әл-Фитр» және әз-Наурыз мейрамдарына орай бір-бірін құттықтады. Достас Өзбекстан мен Пәкістан халықтарына бейбітшілік, амандық, молшылық және тұрақты даму тілектері айтылды.
Өзбекстан Президентінің биыл ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары екіжақты стратегиялық серіктестік қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтергені ерекше атап өтілді.
Жоғары деңгейдегі сапардан кейін министрліктер, ведомстволар және өңірлер деңгейіндегі байланыстардың жандана түскені, өзара алмасулардың нақты нәтижелермен толығып келе жатқаны айтылды.
Сұхбат барысында тараптар соңғы уақытта Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыс өңірлеріндегі шиеленіске алаңдаушылық білдіріп, кез келген қайшылық пен мәселелерді тек бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап өтті.