Кездесу барысында Марек Клочко Өзбекстанның өнеркәсіптік әлеуетін, шетелдік инвесторларды тарту үшін жасалған жағдайларды жоғары бағалады және химия, тоқымашылық, фармацевтика, косметика салаларына Польша бизнесінің Өзбекстанға болған қызығуы жоғары екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың март және апрель айларында Польша кәсіпкерлері делегациясының Өзбекстанға сапары жоспарланып отырғандығын және жоғарыда аталған салаларға қатысты көрмелерге қатысуға ниет білдірді.
Кездесу соңында Өзбекстан-Польша іскерлер кеңесін құру және осы кеңестің бірінші жиналысын 2024 жылдың сентябрь айында кеңейтілген құрамда өткізу туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.