Өзбекстан мен Қазақстан аграр саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады

    Агросектор 8 Noyabr 2022 1624

    Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитовтың Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевпен кездесуі бейнеконференцбайланыс түрінде өтті.

    Күн тәртібіндегі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және институционалдық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар мәселесіне ерекше назар аударылды. Мәселен, бүгінде Қазақстан капиталы тартылған құны 101,3 миллион долларды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Наманган облысында жалпы құны 40 миллион долларға тең болатын тоңазытқыш қоймаларын құру және Наманган облысында құны 43,8 миллион долларлық жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша агрокластерді іске қосу сияқтылар бар.

    Сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық мәселелері аясында болашақта Өзбекстанға экспорттау үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру, Қазақстан Республикасына көкөністердің, көктер және картоптың ерте сұрыптарын сатуға форвардтық келісім-шарттар жасау, Қазақстанның астығын терең өңдеу үшін дәнді қата өңдеу кластері ұйымдастыру жобалары талқыланды.

    2021 жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1,2 миллиард долларға жетті. Оның ішінде экспорт – 223,1 миллион доллар, импорт – 966,2 миллион доллар.

    2022 жылдың январь-сентябрь айларында өзара тауар айырбастау көлемі 1,3 миллиард долларды құрады: экспорт – 185,5 миллион доллар, импорт – 1,1 миллиард долларға тең болды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін: Өзбекстанның негізгі экспорттық өнімдері: көкөністер (64,3 миллион доллар), жемістер (37,7 миллион ​​доллар), жүзім (25,7 миллион ​​доллар), кептірілген көкөністер (12,1 миллон доллар), асқабақ (11,0 миллион доллар), жұмыртқа (7,3 миллион доллар), бұршақ дақылдары (6,9 миллион доллар) , кондитерлік өнімдер (5,4 миллон доллар), жаңғақтар (3,7 миллион ​​доллар),қайта өңделген тағамдар (3,7 миллион ​​доллар).

    Өзбекстанның негізгі импорты астық өнімдері (546 миллион доллар), май өнімдері (144,5 мллион доллар), мал азығы (129,8 миллион доллар), азық-түлік өнімдері (112,4 миллион доллар), ет (74,1 миллион доллар), тұқымдық (57,3 миллион доллар), кондитерлік өнімдері (11,8 миллион доллар), сүт өнімдері (4,4 миллион доллар), темекі өнімдері (4,2 миллон доллар).

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates