Күн тәртібіндегі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және институционалдық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Өзбекстан аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар мәселесіне ерекше назар аударылды. Мәселен, бүгінде Қазақстан капиталы тартылған құны 101,3 миллион долларды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Наманган облысында жалпы құны 40 миллион долларға тең болатын тоңазытқыш қоймаларын құру және Наманган облысында құны 43,8 миллион долларлық жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша агрокластерді іске қосу сияқтылар бар.

Сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық мәселелері аясында болашақта Өзбекстанға экспорттау үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру, Қазақстан Республикасына көкөністердің, көктер және картоптың ерте сұрыптарын сатуға форвардтық келісім-шарттар жасау, Қазақстанның астығын терең өңдеу үшін дәнді қата өңдеу кластері ұйымдастыру жобалары талқыланды.

2021 жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1,2 миллиард долларға жетті. Оның ішінде экспорт – 223,1 миллион доллар, импорт – 966,2 миллион доллар.

2022 жылдың январь-сентябрь айларында өзара  тауар айырбастау  көлемі 1,3 миллиард долларды құрады: экспорт – 185,5 миллион доллар, импорт – 1,1 миллиард долларға тең болды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат үшін: Өзбекстанның негізгі экспорттық өнімдері: көкөністер (64,3 миллион доллар), жемістер (37,7 миллион ​​доллар), жүзім (25,7 миллион ​​доллар), кептірілген көкөністер (12,1 миллон доллар), асқабақ (11,0 миллион доллар), жұмыртқа (7,3 миллион доллар), бұршақ дақылдары (6,9 миллион доллар) , кондитерлік өнімдер (5,4 миллон доллар), жаңғақтар (3,7 миллион ​​доллар),қайта өңделген тағамдар (3,7 миллион ​​доллар).

Өзбекстанның негізгі импорты астық өнімдері (546 миллион доллар), май өнімдері (144,5 мллион доллар), мал азығы (129,8 миллион доллар), азық-түлік өнімдері (112,4 миллион доллар), ет (74,1 миллион доллар), тұқымдық (57,3 миллион доллар), кондитерлік өнімдері (11,8 миллион доллар), сүт өнімдері  (4,4 миллион доллар), темекі өнімдері (4,2 миллон доллар).