Мемлекет басшылары қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, халық суретшісі Әбілхан Қастеев пен өзбек кескіндеме өнерінің шебері Орал Таңсықбаевтың туындыларымен танысты.
Көрме – Өзбекстан мен Қазақстанның бай көркем мұрасының айқын көрінісі, сондай-ақ екі бауырлас халық арасындағы берік мәдени байланыстың нышаны ретінде бағаланды.
Кездесу барысында екі ел басшылары өнер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, бірлескен іс-шаралар өткізу және мәдени үнқатысуды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау қажеттігін атап өтті.