Мемлекет басшылары БАҚ өкілдеріна арналған брифингке қатысты

    Билік 8 Avgust 2024 1222

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездесуде келіссөздердің қорытындыларына түсініктеме берді.

    Өзбекстан басшысы бірлескен жүйелі және практикалық күш-жігердің арқасында Өзбекстан-Қазақстан ынтымақтастығы одақтастық қатынастардың ең жоғары деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

    – Біз көпжақты қарым-қатынастарымызда жаңа бет аштық – Мемлекетаралық Жоғарғы Кеңестің бірінші отырысын өткіздік. Бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың ең жоғары деңгейінің көрінісі болып табылады және елдеріміз бен халықтарымыздың тығыз байланысын, олардың барлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ынталылығын айқын көрсетеді.

    Келіссөздер барысында парламенттердің қос палатасы қатысуында парламентаралық форум құру мәселесі қарастырылды. Ынтымақтастықтың тағы бір жаңа түрі – Сыртқы істер министрлері кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

    Сауда, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы, мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде нақты келісімдерге қол жеткізілді.

    Бірлескен мәлімдемеге қол қойылып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған 2024-2034 жылдарға арналған стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағдарламасы қабылданды.

    Келіссөздер барысында өңіраралық қатынастарды жандандыруға айрықша назар аударылды. Көшбасшылар екі елдің барлық өңірлерін қамтитын Аймақаралық ынтымақтастық форумын Өңірлік көшбасшылар кеңесіне айналдыру туралы бастама көтерді.

    Кеше өткен бизнес-форум мен іскерлік кездесулерде жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын келісімшарт пен келісімдерге қол қойылғаны атап өтілді.

    Айдың соңына дейін тауар айналымының көлемін күрт арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданады. Сондай-ақ тараптар жаңа инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылысын жеделдету туралы келісімге келді.

    Сонымен қатар, басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру мақсатында Өзбекстан-Қазақстан инвестициялық қорын құру мәселесі қарастырылады.

    Келіссөздердің күн тәртібінде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері маңызды орын алды. Жүк тасымалы көлемін ұлғайту үшін барынша қолайлы жағдай жасау, автокөлік және темір жолдарды салу мен жаңғыртуды жеделдету бойынша нақты шаралар талқыланды.

    Тағы бір стратегиялық бағыт – азық-түлік қауіпсіздігі. Екі елдің аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді.

    Суды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың басымдықтары анықталды.

    Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісілді.

    Мәдениет, жастар, туризм, ғылым, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға айрықша назар аударылды.

    Сапар қарсаңында және оның аясында Қазақстан астанасында Өзбек киносының күндері, концерттер, көрмелер, фестивальдар, зияткерлік ойындар және басқа да іс-шаралар сәтті өтті.

    Тараптар келесі жылы мәдениет күндерін, бірлескен кинофестивальдер, екі ел өнерпаздарының концерттерін ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Сапар барысында Өзбекстан мен Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарының қызметі іске қосылды.

    Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл бауырлас Қазақстан халқына Астана орталығында Өзбекстан халқының ұлы перзенті, ақын әрі ойшыл Әлішер Науаидың мүсінін орнатқаны үшін ризашылығын білдірді.

    Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы, ШЫҰ, ТМД, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары кеңесі, «Орталық Азия плюс» форматтарын қоса алғанда, өңірлік және халықаралық платформалар аясындағы бастамаларды өзара қолдауды жалғастырады.

    Ертең Астана қаласында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі экономикалық интеграцияға және бүкіл өңірдің қарқынды дамуына күшті серпін беретіні баса айтылды.

    Соңында Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапар қорытындысы мен қол жеткізілген келісімдер Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен тату көршілікті, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates