Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы автобус қатынауы қайта жолға қойылады

    Көлік 14 Mart 2022 1927

    2022 жылдың 16 мартынан бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты халықаралық автобус бағыттары қатынаулары қайта жолға қойылады.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасына транзиттік автобус тасымалдауын ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

    Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатынаулары коронавирус пандемиясы себепті 2020 жылдың 16 мартында тоқтатылған еді.

    2022 жылдың 16 мартынан бастап тасымалдаушылар Ташкент-Нұрсұлтан, Ташкент-Алматы, Ташкент-Қызылорда, Ташкент-Түркістан, Ташкент-Іргелі, Шыршық-Шымкент, Шыршық-Алматы бағыттары бойынша қатынауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.