Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Билік 3 Iyun 2021 4011

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат барысында Мемлекет басшылары кешегі Нұр-Сұлтан қаласында өткен екі елдің Премьер-Министрлері кездесуінің жемісті нәтижелерін жоғары бағалады.

    Сауда-логистика, өнеркәсіптік ынтымақтастық, заманауи көлік коммуникациясы мен туристік инфрақұрылымды дамыту саласындағы басым жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Президенттер парламентаралық алмасудың кеңеюін және Сенат басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның алғашқы отырысы Ташкентте өтіп жатқандығын қанағаттанушылықпен атап өтті.

    Екі ел басшысы Орталық Азиядағы достық және тату көршілік қатынастарды нығайту, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу туралы пікір алмасып, болашақ кездесулердің жоспары талқылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates