Сұхбат барысында Өзбекстан басшысы Қазақстан басшысын жаңа Конституция бойынша өткен референдумның табысты өткенімен құттықтады.

Тараптар қабылданған конституциялық өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, елдің халықаралық беделін нығайтуға берік құқықтық негіз болатынын атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Әсіресе жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы өзекті міндеттер қарастырылды.

Сұхбат барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік, мәдени-гуманитарлық және басқа да басым салалардағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты кездесулердің күн тәртібін талқылады.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары бауырлас халықтарымызды жақындап келе жатқан Ораза айт және Наурыз мерекелерімен құттықтап, тыныштық, береке және тұрақты өркендеу тіледі.