Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

    Билік 5 Iyul 2022 4883

    5 шілде күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Ресей Президенті Мемлекет басшысының Қарақалпақстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қатаң шараларын қолдайтынын баса айтты.

    Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Өткен жылғы қараша айында Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Екіжақты диалог пен өзара алмасулар белсенділігі атап өтілді. Биылғы жылдың басынан бері өзара сауда көлемі 35 пайызға артты. Ірі инвестициялық жобалар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыру жалғасуда.

    Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылды, алдағы іс-шаралар жоспары, оның ішінде Самарқандта өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясындағы іс-шаралар қарастырылды.