Өзбекстан және Ресей әскери және әскери емес тікұшақтарының двигательдерін жөндеу бойынша біріккен орталық құрылады

    Өнеркәсіп 26 Iyul 2021 1391

    Өзбекстан және Ресей Өзбекстанның Ташкент облысының Шыршық қаласында әскери және әскери емес тікұшақтардың двигателдерін жөндеу бойынша біріккен орталық құрылады, деп хабарлады Trend “ОДК-Климов” АҚ мәліметіне сүйеніп.

    “ОДК-Климов” компаниясы және Шыршық авиация жөндеу зауыты тікұшақтардың ТИЗ-117 маркалы двигательдерін және ИР-14 маркалы бас редукторларды Орта жөндеу орталығын құру бойынша келісімге қол қойды.

    “Келісім аясында Ресей тарапынан қажетті жиһаздар, детальдар мен жинау бөлшектерін жеткізіп береді, сондай-ақ мамандардың сертификатталған техник бригадасын жібереді. Өз кезегінде Шыршық авиация жөндеу зауыты Орта жөндеу орталығын құру үшін өндіріс алаңдарын ұсынады және талаптарына сәйкес жиһаздайды”, — деп хабарлады Ростех корпорациясы. “ОДК-Климов” және аталмыш корпорация құрамына кіреді.

    “Құжат тек авиадвигательдерді жөндеу бойынша жұмыстардың орындалуы тәртібін белгілейді, сондай-ақ үйрнеу бөлімінде стратегиялық біргеліктегі әрекетті, сатудан кейінгі қызмет көрсету саласында озық тәжірибенің жинақталуы және жүйеленуі, озық ғылыми-техникалық қолданбалардың екі мемлекет авиация саласында сервис бағытын дамыту үшін қажет болған ең жаңа технологияларды іздеп табуды және енгізуді белгілейді”, — дейді айтты “ОДК- Климов” директоры Александр Ватагин.

    Шыршық авиация жөндеу зауыты — Өзбекстанның азаматтық авиация техникасын, сонымен қатар Ми-8, Ми8МТ, Ми-8МТВ-1, Ми-17 тікұшақтарын күрделі жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ қондырғыларын, қосалқы бөлшектерді, агрегаттарды және жүйелерін, жалғау құралдарын және бақылау-тексеру аппараттарын жөндеу бойынша жетекші кәсіпорын саналады.

    “ОДК-Климов” — двигатель құрылыс саласы кәсіпорны газқұбыр двигательдерін және ұшақ пен тікұшақтар үшін басқару жүйелерін өндірумен шұғылданады. Оның құрамына конструкторлық бюросы, заманалық өндірісорны және эксперименталдық базасы, сервис орталығы кіреді, деп хабарлады Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Атқару комитеті.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates