Өзбекстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

    Бейжің қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.

    Сұхбат басында Ресей басшысы Мемлекет басшысын және Өзбекстанның көп ұлтты халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, халыққа амандық, өркендеу және тұрақты даму тіледі.

    Келіссөздер барысында бұған дейін өткен жоғары деңгейлі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру тұрғысынан Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту мәселелері қаралды.

    Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынын сақтап қалу үшін үйлестірілген шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

    Сонымен қатар, экономика саласындағы басым жобаларды дайындау мен іске асыруды жеделдету, аймақаралық байланыстарды және бірлескен индустриялық парктер аясындағы кооперацияны кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

    Гуманитарлық салада, ең әуелі, мәдениет, өнер, ғылым және білім бағыттарында табысты ынтымақтастық жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Өзбекстан мен Ресей басшылары халықаралық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates