Мемлекет басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар топтамасын қабылдау рәсімі де өтті. Атап айтқанда:
– Инвестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы келісім;
– Экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;
– Медициналық қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Инженерлік, озық технологиялар, жасанды интеллект және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Дипломатиялық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
– Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
– Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– Спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
– Ташкент және Белград қалалары арасындағы серіктестік қатынастарын орнату туралы келісім.