Шара барысында Словакия аумағындағы құрылыс, өнеркәсіп, автомобильжасау, тағы басқа да салаларға Өзбекстан азаматтарын уақытша жұмысқа тарту мәселелері бойынша пікір алысылды.
Сондай-ақ, Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі мен “SLOVMEDIA SK s.r.o.” кадрлар агенттігі арасында қол қойылған келісімдер негізінде ұйымдастырылған тәртіпте жұмысқа бара жатқан жерлестеріміздің мәліметтерін заңдастыру басқышы, құжаттарын қарау барысы мен виза беру тәртібі талқыланды.
Кездесу соңында консул Ташкент қаласындағы «Ишга мархамат» моноорталығының қызметімен танысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің баспасөз қызметі.