Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен өңірлік әріптестікті нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру, ең алдымен, тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы салаларындағы басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ өңірлік құрылымдар, соның ішінде ШЫҰ және ТМД аясындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.