Мемлекет басшылары бауырлас халықтар арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік байланыстарына негізделген өзара тиімді Өзбекстан - Тәжікстан ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды нығайту, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық, көлік-логистика, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың күн тәртібін түбегейлі кеңейту мәселелеріне назар аударылды.
Соңғы алты жыл ішінде ынтымақтастықтың барлық салаларында ілгерілеушілік бар. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде қол жеткізілген уағдаластықтар сәтті жүзеге асуда. Екі елдің үкіметтері, министрліктері мен ведомстволары арасында тұрақты алмасулар жолға қойылған.
Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон көп қырлы Өзбекстан - Тәжікстан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін қуаттады.
Екі ел басшылары сауданы белсенді түрде кеңейтуге және өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, екі елдің логистикалық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытуға, гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыру арқылы қарым-қатынастарды жаңа практикалық мазмұнмен байытуға дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасып, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық мәселелерін талқылады.
Көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға тараптардың ұмтылысы нақты екені айтылды.