Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті

    Билік 2 May 2022 4163

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 мамырда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшылары бір-бірін және екі елдің бауырлас халықтарын күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.

    Сұхбат барысында осы жылдың наурыз айында Өзбекстанға жасаған жоғары деңгейдегі сапарда тиімді нәтижелерге қол жеткізілгені, ол екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге қызмет еткені атап өтілді.

    Өзара делегациялардың сапарлары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері екіжақты тауар айналымы 20 пайызға дерлік өсті. Өзбекстанда заманауи индустриялық нысандарды құру және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жетекші түрік компанияларының қатысуымен ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді.

    Өзбекстан мен Түркия басшылары халықаралық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасып, Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates