Шавкат Мирзияев Түрікменстанға барды

    Билік 28 Noyabr 2021 4125

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына келді.

    Ашхабад әуежайында Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Осыдан кейін Президенттер келіссөздер өткізді.

    Сұхбат басында Өзбекстан Президенті Түркіменстан басшысын және бауырлас түркімен халқын келе жатқан ұлттық мереке – Бейтараптық күнімен шын жүректен құттықтады.

    Тату көршілік және стратегиялық әріптестікті дамытудың өзекті мәселелерін талқыланған кездесуде тараптар, осы жылдың қазан айында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударды.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібі мен көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасып, Өзбекстан Президенті Түрікменстанның ИЫҰ-ға жемісті төрағалығын жоғары бағалап, Ашхабад саммитіне сәттілік тіледі.

    Осыдан кейін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі болып, онда Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының алдынан жүріп өтті.