Өзбекстан мен Түркіменстан көпжақты ынтымақтастық аясын дәйекті түрде арттырып келеді

    Үстіміздегі жылдың 16 июлінде Ташкент қаласында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Түркіменстан біріккен комиссиясының 18-жиналысы өтті.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Хужаев пен Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Ботир Атдаев тең төрағалық етті. Оған екі елдің министрліктерінің, кеңселерінің, салалық бірлестіктердің, жергілікті билік органдардың басшылары қатысты.

    Сындарлы пікір алмасу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы, қолданыстағы келісімдерді жүзеге асыру барысы талқыланды, көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың болашағы зор бағыттары белгіленді.

    Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде жақсы нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Соңғы 5 жылда тауар айырбастау көлемі екі есеге өсіп, өткен жылдың соңында 1 миллиард доллардан асты. Сонымен қатар, бар мүмкіндіктерді толық пайдалану, Өзбекстан-Түркіменстан шекарасында сауда аймақтарын іске қосу мақсатқа сай екені айтылды.

    Тараптар химия, автомобиль жөндеу және электротехникалық өндірісте өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аймақаралық форумы, Өзбекстан-Түркіменстан кәсіпкерлері кеңесінің жиналыстары, сауда-өнеркәсіптік көрмелер сияқты ынтымақтастық форматтарын дамыту шараларын қаралды.

    Екі ел арасындағы көлік қатынасының кеңеюін ескере отырып, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту болашақтары айрықша талқыланды. Түркіменстан тарапы қолданыстағы және жоспарланған мультимодальды көлік дәліздеріне қосу және екі елдің аумағы арқылы халықаралық тасымалдауға қатысушылар үшін визалық тәртіп-қағидаттарын жеңілдету мәселелерін шешу мүмкіндіктері қарастырылды.

    Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту болашағы да талқылады. Осы орайда, бірліккен білім беру бағдарламаларын жарату, ауыл және су шаруашылығы саласында кадрлар даярлау, оқытушылар мен студенттер алмасуы, сондай-ақ туризмді дамытудың жаңа бастамаларын әзірлеу үстем міндеттердің бірі саналады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Біріккен комиссияның 18-жналысының қорытынды хаттамасын және сұранысқа ие тауарлар мен қызметтерді өзара жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашатын келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates