Өзбекстан мен Түркіменстан мультимодальды көлік дәліздері бойынша ынтымақтастық жаса йды

    Көлік 6 Iyun 2022 1295

    Ашхабадта «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ, «O’zbekmendemiryollary» агенттігі және Түркіменстан Министрлер Кабинети құзырындағы транспорт және коммуникациялар агенттігінің өкілдері ортасында екіжақты келіссөздер болып өтті.

    Кездесу қатысушылары өзара ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын және бүгінгі таңда басқа көлік түрлерімен ынтымақтастықта екі елдің экономикасы мен тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп жатқанын тілге тиек етті.

    Мультимодальдық көлік дәліздері бойынша контейнерлік жүк тасымалдауды ұйымдастыру, транзит қатынауларында жүк тасмалдауды көбейту, инфрақұрылымды дамыту және өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

    Тараптар алдағы уақыта ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ, теміржол транспорты арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алғашқы ақпарат алмасуға, жылжымалы құрамының қызметін жөндеу, жаңғырту және пайдалану мерзімін ұзарту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, жүк тасымалдау көлемін одан әрі арттыру үшін өзара ынтымақтастықтың практикасын жалғастыру, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтасуға келісті.

    Кездесу соңында тиісті хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ баспасөз қызметі.