Форум қорытындысы бойынша 2 июнь күні Министрлер Кабинетінде Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Қытай делегациясының басшысы – Қытай Халықтық Саяси мәслихат Кеңесі төрағасының орынбасары, ШЫҰ-ның тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі Қытай комитетінің төрағасы Шень Юеюемен кездесті.
Кездесуден алдын Шен Юеюе ханым Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Сзинпин мен Қытай Халықтық Саяси мәслихат кеңесінің төрағасы Ван Хуниннің Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевке жолдаған шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуді өтінді.
Бүгінде екі елдің арасындағы ынтымақтастық барлық жағдайларда да жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бұл ретте, елдеріміздің Жетекшілері арасындағы шынайы бауырластық байланыстардың маңызы зор екені сөзсіз.
Қытай Өзбекстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық мүдделері жолында жүргізіліп жатқан саясатын толық қолдайтынын білдірді.
Атап өткендей, Өзбекстан Қытайдың Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктесі саналады. Елімізде Қытай капиталының қатысуымен 3700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Инфрақұрылым, өндірістік кооперация, ауыл шаруашылығы, «жасыл» энергетика салаларында ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылдың 1 июнь күні елдеріміз арасында күшіне енген визасыз режим екі елдің бизнесмендері арасындағы қарым-қатынасты дамытуда және туристер ағынын одан әрі арттыруда, сондай-ақ Самарқант қаласында өткізілген екінші аумақаралық форумның қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер, сондай-ақ қол қойылған аумақаралық келісімдер мен коммерциялық келісімшарттар өзара қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосуы айтылды.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту, атап айтқанда, сауда-экономикалық, көлік-логистика, өндірістік кооперациясы, мәдени-гуманитарлық және білім-ғылым салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде жан-жақты пікір алмасылды.








