Өзбекстан мен Қытай СІМ басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

    2023 жылғы 19 январьда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтиёр Саидов Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Син Ганмен телефон арқылы сұхбаттасты.

    Сұхбат басында Бахтиёр Саидов пен Син Ган бір-бірін Сыртқы істер министрлігіне басшы болып тағайындалуымен құттықтады.

    Екі ел басшыларының сенімді байланысы мен бірге іс-әрекеттерінің арқасында бүгінде Өзбекстан-Қытай қарым-қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтеріліп, мықты сипатқа ие болғаны мен қарқын алғаны атап өтілді. Парламенттер, үкіметтер, Сыртқы істер министрлігі және тиісті министрліктер арасында белсенді диалог жүргізілуде.

    Жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шаралардың кестесімен оларға дайындықтың түрлі жақтары қаралды.

    Өзбекстан мен Қытайдың халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдары ұқсас екені атап өтілді.

    Тараптардың БҰҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдар аясында тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға дайын екендігі расталды.

    Сауда-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды және көлік-коммуникация саласындағы жобаларды жүзеге асыруды жеделдету бойынша ұсыныстар қарастырылды.

    Өзбекстан мен Қытай СІМ басшыларының телефон арқылы сұхбаты ашық, шынайы және достық рухта өтті. Өзбекстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мақсатында іс жүзіндік байланыстарды жалғастыруға келісіп алды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates