Шавкат Мирзияев өзбекстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Билік 8 Iyul 2022 5774

    Құрметті отандастар!

    Осындай берекелі сәттерде жер бетіндегі барша мұсылман үмбетімен бірге сіздерді – қадірлі ақсақалдар мен аналарымызды, ардақты аға-әпкелерімізді, жастарымызды, иманды халқымызды ұлы мереке – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілкетерімді білдіремін.

    Ислам ең алдымен бейбітшіліктің, ізгілік пен адамгершіліктің діні екені бәрімізге түсінікті.

    Қасиетті Құран Кәрімнің жүзден астам аяттарында, әсіресе «Бақара» сүресінде бейбітшілікке шақырылады: «Әй, иман келтіргендер! Бейбітшілік үшін жұмыс істейік!», деп келтірілген.

    Қазіргі мынау аса күрделі де қауіпті кезеңде бейбітшілік пен тыныштықты бағалай отырып, оны сақтау мен нығайтудың өткір талабы елімізде тұратын әрбір діндар, мұсылмандар үшін бұрынғыдан да өзекті десек, шындықты айтқан боламыз.

    Бұл игі де қасиетті міндет Өзбекстанда тұратын әрбір азаматтың адамдық парызына айналып, тәуелсіздігімізді нығайтудың, халқымыздың бейбіт, еркін және бақуатты өмірін, балаларымыздың жарқын болашағын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатынына сенімдімін.

    Осы сәтті пайдалана отырып, алыс-жақын елдерде тұратын мұсылман достарымыз бен бауырларымызды, шетелдік әріптестерімізді осынау мәртебелі мерекемен құттықтап, оларға бейбітшілік, тыныштық пен амандық тілейміз.

    Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.

    Осы мүбәрәк айда ұлтымыздың тілеген дұға-тілегі, ізгі ниеті қабыл болсын!

    Алла тағала өлкемізді, кең пейілді хәм жомарт халқымызды өз панасында сақтасын!

    Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!

    Жаратушы игі істеріміз бен тілектерімізге әрқашан жар болсын!

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates