Кеше Сауд Арабиясының жасыл алаңдарында 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия кубогы басталды. Ашылу матчында алаң иелері Сауд Арабиясы Қырғыз Республикасымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. «А» тобындағы тағы бір кездесуде Вьетнам Иорданияны 2:0 есебімен жеңді.

7 январь күні «В» және «С» топтарындағы кездесулер өтеді. Атап айтсақ, Өзбекстан жастар құрамасы Ташкент уақытымен сағат 19:00-де «Prince Faisal Bin Fahd» стадионында Ливан құрамасымен кездеседі.

Оған дейін біздің топтағы Корея Республикасы мен Иран құрамалары өзара күш сынасты.

Ливан U-23 құрама командасы бұл турнирге алғаш рет қатысып отыр. Бұл Өзбекстан мен Ливан жастар құрамаларының арасында Азия кубогындағы алғашқы ресми ойыны болмақ.

Іріктеу басқышында қарсыласымыз F тобынан ақтық басқышына сәтті өтті. Олар орын алу үшін Малайзия, Таиланд және Моңғолия командаларына қарсы ойнап, жолдаманы жеңіп алды.

Нәтижелер:

Малайзия — Ливан 0:1

Ливан — Таиланд 2:2

Ливан — Моңғолия 3:0

Команда құрамында шетелде ойнайтын футболшылар да бар. Ел намысын жалпы 7 легионер қорғауда.

Команданың бас бапкері – Жамал Таха.

23 жасқа дейінгі Азия кубогының тарихына көз жүгіртетін болсақ, Өзбекстан соңғы төрт турнирдің үшеуінде финалға шыққан. Бір рет чемпиондық атағын жеңіп, екі рет күміс жүлдегер атанды. Өткен жарыс Олимпиадаға жолдама берген футболымыз үшін ерекше тарихи оқиға болды.

Өзбекстан U-21 құрама комада бұл реттегі турнирге негізінен 19-21 жас аралығындағы футболшылармен қатысуда. Айта кетерлігі, мұнда басты назар турнирге дейін футболшыларға Азия кубогында тәжірибе жинақтап, жоспар бойынша Олимпиадаға орын беретін турнирге жүйелі түрде дайындалу қарастырылған.

Жарыс қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында бас бапкер Равшан Хайдаров былай:

 "Алаңға сеніммен кіруді мақсат еткенбіз. Ойыншыларға бұл турнир үлкен футболға көпір болатынын айттым. Жарысқа ізгі ниетпен, мақсатпен келдік", — деді.

Өзбекстан да топтық кбасқышта, сондай-ақ, Иран мен Корея Республикасы құрама командаларына қарсы да сайысқа түседі . Бұл матчтар сәйкесінше 10 және 13 январьда өтеді.