2025 жылдың 1 авгусынан бастап күшіне енетін ұлттық заңнамадағы негізгі өзгерістер бойынша шолуды Norma.uz ұсынды.
Жалақы мен стипендия көтеріледі
Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы және студенттер мен оқушылардың стипендиясы 10 пайызға көтеріледі.
Мұнда:
еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері — айына 1 271 000 сум;
базалық есеп мөлшері — 412 000 сум болып белгіленді.
Жарылғыш заттармен жұмыс істеуге лицензия – ТЖМ-мен келісім бойынша
Енді жарылғыш және қауіпті заттар, жарылғыш құрылғыларды:
жарату,
өндіру,
тасымалдау,
сақтау,
реализациялау (сату) бойынша лицензияларды беруде Төтенше жағдайлар министрлігімен (ТЖМ) міндетті келісім талап етіледі.
Жер асты байлықтарынан пайдалану ережелерін бұзғаны туралы хабарлар үшін сыйақы төленеді
«Геомониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы:
жер асты ресурстарын пайдалану ережелерінің бұзылуын көрсететін фото және бейнематериалдарды жіберу;
берілген ақпарат үшін ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік болады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орындарының резерві енгізіледі
«Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» ақпараттық бағдарламасында мүгедектер үшін жұмыс орындарын брондау жүйесі енгізіледі.
Ұйымдар электрондық тізім негізінде мүгедектердің физиалагиялық жай-күйіне, мүмкіндіктеріне және біліктілігіне қарай өзі орналасқан жері бойынша жұмыс орындарын брондайды.
Азық-түлік өнімдеріне қойылатын міндетті стандарттар жойылады
Бұдан былай азық-түлік өнімдеріне қойылатын міндетті стандарттар орнына Кодекс Алиментариус стандарттарына негізделген санитарлық ережелерді, нормаларды және гигиеналық нормаларды сақтау талап етіледі.
Мемлекеттік органдарда дене тәрбиесі мен дене салмағының индексін бақылау енгізіледі
Әрбір жұмыс күні мемлекеттік органдары мен ұйымдарда дене шынықтыру іс-шаралары өткізіледі. Қызметкерлердің дене салмағының индексі үнемі өлшенеді және бұл ақпарат хpм.aргос.уз платформасында тұрақты түрде жарияланады.
Кейбір отбасыларға балабақша ақысы өтемақы ретінде төленеді
Өтемақы қаражаты мемлекеттік бюджет есебінен бөлініп, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бағытталатын болады.
Қабылданған студенттер туралы ақпарат HEMIS жүйесінде орналастырылуы шарт
Барлық жекеменшік жоғары оқу орындары студенттерді қабылдау туралы бұйрықтарды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің HEMIS бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткізілуі міндетті. Тапсыру мерзімі ағымдағы оқу жылының 1 октябрьден кешіктірілмеуі қажет.








