Құжатқа сәйкес, BYD Auto компаниясы мен «Узавтосаноат» АҚ елімізде гибридті және электро автомобилдер шығаратын «BYD Uzbekistan Factory» біріккен кәсіпорнын құрмақ. Инвестициялық жобасының бірінші және екінші кезеңдерінде жоспарланған өндіріс көлемі 50 мың дана,  үшінші кезең аяқталғанда бұл көрсеткіш 300 мың  дана автомобильді құрайды,  деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада атап өтілгендей, BYD Uzbekistan Factory электромобильдер бойынша әлемдік көшбасшының Қытайдан тыс бірінші біріккен кәсіпорын, оған Өзбекстанның машина жасау саласында өндірістік, ғылыми және техникалық жетістіктері, сондай-ақ Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығы арқасында қол жеткізілді.

Анықтама үшін: 2022 жылы Қытай концерні баламалы энергиямен қозғалатын  көліктер шығару бойынша әлемдік көшбасшыға айналған.