Кеше күндіз республиканың солтүстік-батыс өңірлерінде
ауа температурасы төмендей бастады. Бүгін шөлейт аймақтарда, ал ертең
республиканың барлық өңірлерінде ауа температурасының төмендеуі байқалады.
20–24 шілде күндері Өзбекстан бойынша ауа райы аздап
бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Тек 21 шілдеде
Қарақалпақстан Республикасында және 22 шілдеде Ферғана аңғары облыстарында кей
жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Таулы өңірлердің кей жерлерінде ара-тұра қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай
болуы ықтимал.
Бүгін күндіз ауа температурасы 40–43 градус болады,
оңтүстіктің кей жерлерінде 45–47 градусқа дейін, солтүстікте 34–39 градус
шамасында болады.
Ертеңнен бастап жұмыс аптасының соңына дейін ауа
температурасы түнде 20–25 градусқа дейін, күндіз 32–37 градусқа дейін, кей
жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.
20–22 шілде күндері республиканың кей жерлерінде
желдің жылдамдығы 13–18 м/с-қа дейін күшейеді, ал кейбір өңірлерде 20–22 м/с-қа
дейін жетуі мүмкін.
Ташкентте: ауа райы аздап бұлтты, уақыт-уақытымен құбылмалы болады, жауын-шашын
күтілмейді. Бүгін
күндіз ауа температурасы 41–43 градус болады. Ертең түнде 25–27 градус, күндіз
36–38 градус болады. 22–24 шілде күндері түнде 20–23 градусқа дейін, күндіз
31–34 градусқа дейін төмендейді. Жел шығыстан соғып, кейін бағытын өзгертіп
батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен соғады, кей уақыттарда 12–15 м/с-қа дейін
күшейіп, кей
жерлерде шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.