Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың 25 декабрь күні Спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, Өзбекстан футбол ассоциациясы және Өзбекстан кәсіпқой футбол лигасы басшылығының қатысуымен тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Бұл тұсаукесер рәсіміне футбол клубтарының өкілдері, футзал мамандары, аумақтық ассоциациялар басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
2025 жылдан бастап қызметін бастайтын Өзбекстан футзал федерациясы президенті етіп республикамызда футбол және футзал спорт түрлерінің дамуына өзінің лайықты лесін қосып келе жатқан, тұрғындар, әсіресе, жастар арасында салауатты тұрмыс салтын кең насихаттауда белсенділік танытқан, еліміздің белсенді кәсіпкерлерінің бірі БМБ холдингтің бақылау кеңесінің төрағасы Бекзод Акмалович Маматқулов кандидаты мақұлданды.
Бекзод Маматқулов – федерация президенті;
Азиз Акбаржонов – вице-президент;
Маъруфжон Абдуллаев – бас хатшы.
Шара барысында футзал бойынша құрама командамыздың келесі Әлем чемпионаттарында лайықты қатысуына тілек білдірілді.