Өзбекстанда полиэтиленнің басқа да түрлері шығарыла бастайды

    Өнеркәсіп 19 Fevral 2025 967

    «Узэлтехсаноат» бірлестігінде елімізде алғаш рет “сшитый” полиэтилен шикізатын өндіру жобасына қатысты қорытынды келісім құжаттарына қол қойылды.

    Осы құжаттар негізінде «Nasaf xcp techno» бірлескен кәсіпорны құрылып, жоба ресми түрде іске қосылды.

    Бұл кәсіпорын «Шортан газ-химиялық кешені» ЖШҚ, Қытайдың “Yunnan Xinchengpeng Polymer Technology” компаниясы және «Узэлтехсаноат» бірлестігіне мүше «Techno Cable Group» кәсіпорнымен бірлесе отырып құрылған.

    Жоба ұсыныстары сәйкес:

    — Жалпы құны: 8 миллион АҚШ доллар;

    — Өндірістік қуаты: жылына 35 мың тонна;

    — Құрылатын жаңа жұмыс орындары: 65;

    — Импорттың орнын басатын көлемі: жылына 30 млн АҚШ доллары.

    — Импорттық айырбас көлемі: шамамен 30 миллион АҚШ доллары.

    Өндіріс үдерісі екі басқышта жүзеге асырылады:

    1-басқыш: Тармақталған полиэтилен өндіріледі және сынақтан өкізіледі.

    2-басқыш: Галогенсіз компоненттерді өндіруге арналған жабдыққа тапсырыс беріледі.

    Мамандардың айтуынша, бұған дейін Өзбекстанда болмаған бұл өнімді өндіру нәтижесінде ішкі базардың жылдық қажеттілігі 25-30 мың тонна жергілікті өндіріс есебінен өтеледі.

    Ақпарат ретінде бұл полиэтилен (PE-X) қарапайым полиэтиленге қарағанда мықты, эластик және жоғары температураға төзімді және төмендегі салаларда қолданылады:

    — Су құбырлары – ыстық және суық су жүйелерінде;

    — Газ құбырлары – жоғары қысымға төзімділігіне байланысты;

    — Жылу жүйелері – еденді жылыту жүйелерінде;

    — Электрлік оқшаулау – кабельдерді қорғауда.

    Жобаның іске қосылуы импорт көлемін айтарлықтай қысқартумен бірге, жаңа жұмыс орындарын ашады, отандық өнеркәсіп желісін нығайтады, – делінген хабарда.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates