Осы құжаттар негізінде «Nasaf xcp techno» бірлескен кәсіпорны құрылып, жоба ресми түрде іске қосылды.

Бұл кәсіпорын «Шортан газ-химиялық кешені» ЖШҚ, Қытайдың “Yunnan Xinchengpeng Polymer Technology” компаниясы және «Узэлтехсаноат» бірлестігіне мүше  «Techno Cable Group» кәсіпорнымен бірлесе отырып құрылған.

Жоба ұсыныстары сәйкес:

— Жалпы құны: 8 миллион АҚШ доллар;

— Өндірістік қуаты: жылына 35 мың тонна;

— Құрылатын жаңа жұмыс орындары: 65;

— Импорттың орнын басатын көлемі: жылына 30 млн АҚШ доллары.

— Импорттық айырбас көлемі: шамамен 30 миллион АҚШ доллары.

Өндіріс үдерісі екі басқышта жүзеге асырылады:

1-басқыш: Тармақталған полиэтилен өндіріледі және сынақтан өкізіледі.

2-басқыш: Галогенсіз компоненттерді өндіруге арналған жабдыққа тапсырыс беріледі.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін Өзбекстанда болмаған бұл өнімді өндіру нәтижесінде ішкі базардың жылдық қажеттілігі 25-30 мың тонна жергілікті өндіріс есебінен өтеледі.

Ақпарат ретінде бұл полиэтилен (PE-X) қарапайым полиэтиленге қарағанда мықты, эластик және жоғары температураға төзімді және төмендегі салаларда қолданылады:

— Су құбырлары – ыстық және суық су жүйелерінде;

— Газ құбырлары – жоғары қысымға төзімділігіне байланысты;

— Жылу жүйелері – еденді жылыту жүйелерінде;

— Электрлік оқшаулау – кабельдерді қорғауда.

Жобаның іске қосылуы импорт көлемін айтарлықтай қысқартумен бірге, жаңа жұмыс орындарын ашады, отандық өнеркәсіп желісін нығайтады, – делінген хабарда.