Оған Сенат мүшелері, тиісті мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, БАҚ қызметкерлері қатысты.

Бейнеконференция түрінде өткен жалпы жиналысты Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

Сенаторлар «Имам Бұхари» орденін құру туралы» Өзбекстан Республикасының Заңын талқылады.

Атап өткендей, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап елімізде өмір сүріп, ғылым мен мәдениетін, оның ішінде исламдық ағартушылықты дамытуға үлкен үлес қосқан ұлы ғалымдар мен ойшылдардың өмірі мен ғылыми мұрасын үйренуге, сондай-ақ халықаралық аренада кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, ислам дінін, қасиетті Құран мен хадис ғылымын, хадистану мектебінің ғылыми-рухани негіздерін, Имам Бұхари мен Имам Термизи сынды ұлы хадисші-ғалымдардың мұрасын жан-жақты зерделеу және насихаттау мақсатында Самарқантта Имам Бұхари халықаралық  ғылыми-зерттеу орталығы құрылды, Сұрхандария облысының Шерабад ауданындағы Әбу Иса Мұхаммед Термизи, Қаршы ауданындағы Әбіл-Муин ән-Насафи зияраттары және басқа да қасиетті орындарында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай игі істер жерлестеріміз бен халықаралық қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тауып, Президентіміздің бастамасымен 2017 жылы Ташкентте Ислам өркениетінің орталығы құрылды.

Бұл ғылыми-зерттеу орталықтарында көптеген ғалымдар мен зерттеушілер ұлы ғұламаларымыздың ғылыми мұраларын терең зерттеп, олардың ислам ағартушылығы мен әлемдік ғылымның дамуына қосқан зор үлесін халықаралық қауымдастыққа жеткізуде, сонымен қатар, қасиетті  ислам дінімен байланысты мол мұраларды ғылыми зерттеуде, Орталық Азия өркениетінің дамуындағы орнын жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы насихаттауда, Өзбекстандағы жаңарулар мен  тарихи жаңғырулардың түп-тамыры мен мәнін тұрғындарға, әсіресе, жастарға жеткізу мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Сөз сөйлеген сенаторлар ғылымның дамуына зор үлес қосқан ұлы ғұламалар мен ойшылдардың өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеудегі зор жетістіктері үшін азаматтарымызды марапаттау мақсатында «Имам Бұхари» орденін құру заманның өзі талап еткенін айтып өтті.

Атап өткендей, «Имам Бұхари» орденінің жарғысы мен оның сипаттамасы осы орденді құру туралы заңмен бекітілуде. Сондай-ақ «Мемлекеттік марапаттар туралы» Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

«Имам Бұхари» ордені екі дәрежеден тұрады: «Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» ордені және «Имам Бұхари» ордені. «Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» ордені «Имам Бұхари» орденінің дәрежесінен жоғары саналады.

«Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» орденімен ғылым мен мәдениеттің, оның ішінде ислам ағартуының дамуына зор үлес қосқан ұлы ғұламалар мен ойшылдардың өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу мен кеңінен насихаттаудағы зор жетістіктері үшін:

шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары;

шет мемлекеттер парламенттерінің өкілдері;

халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және оларға теңестірілген басқа да ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ шетелдік қайраткерлер мен ғалымдар;

еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни-әлеуметтік саланың жетекшілері мен жетік ғұламалары, атақты ғалымдары, жазушылар, педагогтар мен ғылыми зерттеушілер марапатталады.

«Имам Бұхари» орденімен:

ұлы ғалымдарымыздың ғылыми мұрасын зерделеудегі және өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеудегі қызметтері;

жоғары адамилық идеяларымыз бен қасиетті құндылықтарымызды танытатын тарихи мұраларымызды жүйелі түрде зерттеу, діни тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие істерінде пайдалану мақсатында қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды дайындаудағы нәтижелі еңбегі;

еліміздегі діни-әлеуметтік үдерістер мен діни бауырмалдық мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау жөніндегі іс-шаралар, үгіт-насихат шараларын өткізудегі қызметі;

«Надандыққа қарсы ағарту» идеясына негізделген ислам дініне қарсы келеңсіз қауіптер мен әрекеттердің алдын алуға, мұндай қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың ғылыми-ағарту негіздерін әзірлеуге және іс жүзінде қолдануға байланысты қызметтері;

ислам өркениетінің жалпыадамзаттық құндылықтарын, атап айтқанда, халқымыздың руханияты мен мәдениетін дамытудағы рөлі мен маңызын үйреніп, олардың ғылыми-теориялық және практикалық сипаттарын зерттеудегі зор қызметтері үшін марапатталады.

«Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» және «Имам Бұхари» ордендерімен ғылым-ағартуды дамытудағы ерекше қызметтері үшін басқа тұлғалар да марапатталуы мүмкін.

«Жоғары дәрежелі Имам Бұхари» орденімен марапатталған тұлғаларға базалық есептеу мөлшерінің жетпіс еселенген мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйлық, ал «Имам Бұхари» орденімен марапатталған адамдарға базалық есептеу мөлшеріндегі бір реттік ақшалай сыйлық беріледі.

Сенаторлар осы орденді бекіту туралы Заңды мақұлдады.

Сонымен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының отыз бірінші жалпы жиналысы аяқталды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.