Өзбекстанда нақтылай ақша айналымы артып келеді

    2025 жылдың январь-июнь айларында елдегі жалпы ақша түсімдері 491 триллион сумды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға өскен.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Орталық банкі хабарлады.

    Жүргізілген талдаулар бойынша, есепті кезеңде терминал арқылы түсімдердің үлесі 43 пайызды құрап, 2024 жылдағы 41 пайызға қарағанда өскен. Сонымен қатар, сауда және қызмет көрсету саласындағы терминалдық түсімдердің үлесі 45 пайыздан 48 пайызға дейін өскені айтылды.

    Нақты ақша айналымы және оның құрамы

    2025 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер арқылы жүзеге асырылған нақтылай ақша айналымы 563 триллион сумға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өсті. Айналымда 227 триллион сум түсім ретінде көрсетіліп, 286 триллион сум нақты ақша шегірімдері ретінде тіркеуден өткен.

    Нақты түсімдер құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Мысалы:

    • Тауар сатылымынан түскен түсімдердің үлесі 33 пайыз,
    • ақылы қызметтер - 37 пайыз,
    • салық және міндетті төлемдер – 13 пайыз,
    • басқа түсімдер — 12 пайыз,
    • банк қызметтері — 2 пайызды құрады.

    Нақтылай шығындар қандай бағытталады?

    Нақты ақша шығымдарында банк карталарынан шешілген нақты ақшалар 45 пайыз,

    кәсіпорындар мен ұйымдардың жалақысы 23 пайыз,

    зейнетақы мен жәрдемақы 19 пайызды құрайды.

    Шетел валютасын сатып алуға да белгіленген қаржылар бар.

    Банк карталары арқылы төлем жасау белсенділігі арттырылуда

    Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында банк карталарына түскен қаражаттар 676 триллион сумды құрады. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе көп.

    Оның 129 триллион сумы (19 пайызы) нақты ақшаға айналды. Салыстыру үшін: бұл көрсеткіш 2024 жылы 23 пайыз, 2023 жылы 24 пайыз боған.

    Нақты ақшаға сұраныс және Орталық банк саясаты

    Маусымдық факторлардың әсерінен банктер нақтылай ақшаға болған талаптың артуы нәтижесінде, Орталық банк тарапнынан 5,2 триллион сум мөлшеріндеқосымша нақты ақша айналымға шығарылды.

    2025 жылғы 1 июль жағдай бойынша жалпы ақша массасындағы нақты ақша үлесі 18,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 21,1 пайызды және 2023 жылы 24,8 пайызды құрады. Осылайша, соңғы екі жылда нақты ақша үлесінің 2,2 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates