Өзбекстанда қыс күндері туындаған газ проблемасын толығымен шешуге болады. Егер...

    Нақты 13 Dekabr 2022 2471

    12 декабрь күні Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Сардар Умирзақов Ашхабадқа барып, Түркіменстан президенті Сердар Бердимухамедовпен кездесті.

    Сапар барысында Умурзақов Өзбекстанға тәулігіне қосымша 20 миллион текше метр газ (3 айда жалпы 1,5 миллиард текше метр) беру туралы келісімге келді және келісім-шартқа қол қойылды.

    Егер бұл жоба жүзеге асырылатын болса, Өзбекстанда қыс күндері туындаған газ мәселесі толығымен шешілуі мүмкін.