Саммитке ШЫҰ-ға мүше елдер – Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Үндістан Республикасы, сондай-ақ ұйым құзыретіндегі бақылаушы елдер – Беларусь Республикасы, Моңғолия және Иран Ислам Республикасы басшылары қатысады.

Мәртебелі мейман ретінде Түркия Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Түркіменстан Республикасы және Армения Республикасының, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да беделді халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары шақырылған.

Самарқанд саммитінің күн тәртібіне сәйкес көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері. ШЫҰ дамуының практикалық аспектілері мен басым міндеттері қарастырылады. Халықаралық және өңірлік маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасылады.

Саммиь соңында ұйымның қызметін кеңейтуге және басым бағыттар бойынша өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды құжаттар топтамасына қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, алдағы кездесу 2020 жылы коронавирустық пандемия басталғаннан бергі соңғы үш жылдағы ШЫҰ басшыларының бірінші бетпе-бет кездесуі болмақ.

Сондай-ақ, саммитте Өзбекстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығы аяқталады. Өткен кезеңде 80-нен астам ірі іс-шаралар өтті.