Өзбекстанда Сингапурдың білімді жетілдіру орталығының филиалы ашылуы мүмкін

    Үстіміздегі жылдың 7-9 декабрь күндері Өзбекстан делегациясы құрамында Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясының өкілдері де Сингапурде болған еді. Сапар барысында Сингапурдың білім беру тәжірибесін үйрену, сондай-ақ оны елімізде қолдану мақсатында бірқатар министрліктермен, кеңселермен келіссөздер жүргізілді.

    Атап айтқанда, бірінші күні Білім сапасын бақылау мемлекеттік инспекциясының өкілдері Сингапурдың Менеджментті дамыту институтында (MDIS) болып, университет президенті Эрик Куанмен және директорлар кеңесінің бас хатшысы Шариф Жафармен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде Өзбекстанда еңбек базарының соңғы өзгерістері мен сұранысы жоғары кәсіптер мен мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының қоғамдағы рөлі кеңейгені, олардың міндеті тек еңбек базарына кадрлар даярлау ғана емес, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын ашу және оқытылатын кадрларды үздіксіз қолдап-қуаттау болып табылатындығы айтылды.

    Осы орайда Шариф Жафар Сингапурдың тәжірибесін, атап айтқанда, Сингапур менеджментті дамыту институтының үлкендер білімі мен саладағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру тәжірибесін Өзбекстанға енгізуге дайын екенін жеткізді.

    Келіссөздер соңында бірқатар тиімді келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Сингапурде беделі жоғары, қызмет көрсету саласындағы басқару және орта буын кадрлардың білімін жетілдіруге мамандандырылған Сингапур менеджментті дамыту институтының білімін жетілдіру орталығының филиалы Ташкентте ашылады.

    Еліміз аумағында туризм және қонақ үй саласы бойынша мамандар дайындау үшін қысқа мерзімді ағылшын тіліне оқыту бойынша оқу орталықтары ұйымдастырылады. Зергерлер мен зергерлік саласындағы дизайндарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы ашылады. Осы білімді жетілдіру оқу орталығы Сингапур тәжірибесі мамандарға өмір бойы кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады және зергерлік саласында адам ресурстарын дамытуға бағытталған.

    Кәсіби даму барысында жеткілікті деңгейде микро квалификацияларды иелеген мамандарға Ұлыбританияның Зергерлік жұмысы бойынша бакалавры дәрежесін алу мүмкіндігі де жасалады.

    Тараптар келіссөздерді жалғастырып, қысқа мерзімде осы келісімдер бойынша меморандум жобасын дайындауға келісті, деп хабарлайды инспекцияның ақпараттық қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates