Өзбекстанда табиғи газдан пайдалану ережелерін үнемі бұзатындардың тізімі жасалады

    1 декабрьге дейін табиғи газдан пайдалану ережелерін тұрақты түрде қасақана бұзған тұтынушылардың бірыңғай электронды реестрі енгізіледі.

    Үстіміздегі жылдың 16 октябрь күні Министрлер Кабинетінің «Электр, жылу энергиясын, газды пайдалану ережелерін бұзуға байланысты құқықбұзушылықтар туралы фотосуреттер мен бейнежазбаларды қабылдау, көріп шығу және оларды ұсынған тұлғаларды ынталандыру тәртібі бойынша ереже бекіту туралы» қаулы жарияланды.

    Онда белгіленуінше, жанылғы-энергиялық ресустарды талан-тараж еудің алдын алу және олардан үнемді пайдалануда қоғамдық бақылауды орнатуға бағытталған Узэнерго мобильді қосымшасы 1 ноябрьге дейін әзірледеді.

    Құқықбұзушылықтар туралы бейнежазбаны ұсынған тұлғалар туралы мәліметтерді жария етуге жол берілмейді және оларға өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат жіберіледі.

    Ағымдағы жылдың 1 декабріне дейін құқықбұзушылық жағдайлары, сонымен қатар табиғи газды пайдалану ережелерін тұрақты түрде қасақана бұзған тұтынушылардың бірыңғай электронды реестрі енгізіледі. Реестр Энергетика министрлігі тарапынан жүргізіледі, ал оған енгізілген ақпаратты мүдделі министрліктер мен кеңселер қауіптерді бағалау өлшемдері ретінде пайдаланады.

    2023 жылдың декабрь айына дейін «Узэнергоинспекциясының» жауапты қызметкерлері техникалық құралдармен, қажетті құрал-жабдықтармен (планшеттермен және т.б.) қамтамасыз етіліп, «Узэнерго» мобильді қосымшасының толық жұмыс істеуі үшін серверлік жабдықтар сатып алынады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates