Өзбекстанда UnionPay-HUMO кобейджинг карталары іске қосылады

    Қаржы 29 Fevral 2024 1190

    «HUMO» ұлттық төлем жүйесі «Union Pay-HUMO» кобейджинг карталарының іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы төлем жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарда айтылғандай, бүгін, 28 февралында Қытайдың Шанхай қаласында “UnionPay International” компаниясының атқарушы директоры Ван Лисин мен Ұлттық банкаралық үдерістің орталығы (HUMO төлем жүйесі) Бас директоры Шухрат Құрбанов екі компания арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, тараптар Өзбекстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу базарын бірлесіп дамыту және Өзбекстанда “Union Pay-HUMO” кобейджинг картасын іске түсіруге келісті.

    Бұл қадам Өзбекстан азаматтары үшін күнделікті өмірде де, шет елдерге, сонымен қатар Қытайға саяхат жасаған кезде де төлем жасаудың кең мүмкіндіктерін ұсынады.

    Қазіргі уақытта UnionPay’-дің 230 миллионнан астам карталары 81 елде эмиссияланған. Жүйенің төлемдерін қабылдау желісі 183 елде 67 миллионға онлайн және офлайн сату/қызмет көрсету орындарын қамтиды және 1,7 миллион банкоматпен қамтамасыз етеді.

    HUMO ұлттық төлем жүйесінің 23 миллионнан астам карталары айналыста болып, республика бойынша 200 мыңнан астам терминалдарда төлемдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ 12 мыңнан астам банкоматтардан қолма-қол ақша алуға болады, деп хабарлайды Bankers.uz.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates