“Терміз аймақтық теміржол торабы” УК-на  тиесілі теміржол желілері таулы аумақтың күрделі рельефіне ие болған  аймақта орналасқан және мұндай жағдайда теміржол көлігін заманалық және қуатты электровоздардың көмегінсіз елестету қиын.

Қытай мемлекеттік холдинг компаниясы  CRRC Group  тарапынан (China Railway Rolling Stock Corporation- “Қытай теміржол компаниясы”) Өзбекстанның климаттық жағдайын ескере отырып, шығарылған электровоздар бірнеше жылдан бері өзінің жақсы жағын көрсетіп келуде.

Жаңадан әкелінген электровоз – жоғары қуаты 2 секциялы 8 оқты жолаушы және жүк электровозы болып, оның қуаты 9600 кВт-ты  құрайды. Сондай қуаттың арқасында локомотив барлық  ауа-райында ауыр жүктермен шамадан тыс қиындықсыз қозғала алады. Техникалық сипаттамаға сәйкес, осы типтегі локомотив жылдамдықты сағатына 120 км-гедейін арттыра алады. Әрбір локомотивтің қызмет ету мерзімі — 40 жыл.

Электровоз TOSHIBA компаниясы шығарған TCMS заманалық  бақылау-диагностикалық жүйесімен жиһаздалған болып, осы жүйе электровозды  шамадан тыс жүктерден, ақаулардан қорғайды және машиниске дер кезінде хабар береді. Яғни, электровоздың электронды жабдығының жағдайын, жоғары және төмен кернеулі электр жабдығының жағдайын, тежеу ​​жүйесінің, қауіпсіздік жүйесінің, радиобайланыс жүйесінің және басқа жүйелердің жағдайын бақылайды. Мысалы, егер сапар кезінде жабдықта ақаулық анықталса, бұл хабарлама компьютердің ішкі мониторында көрсетіледі, онда оны түзету жолы туралы ақпарат беріледі.