Өзбекстандықтардың көбі дипломы бойынша жұмыс істемейді – зерттеу

    «HeadHunter Uzbekistan» онлайн платформасының зерттеуіне сәйкес, өзбекстандықтардың тек үштен бір бөлігі ғана өз саласында жұмыс істейді.

    Онлайн-платформасы жұмыс істейтіндер арасында өткізілген сұрақ нәтижелеріне орай, халықтың үштен бір бөлігі ғана өздерінің біліктілігі бойынша жұмыс істейтінін айтқан. Ал қалғандары мамандығын толығымен өзгерткен немесе дипломдық білімін жартылай ғана қолдануда.

    64% респондентда олий таълим ёки олий таълимдан кейинги таълим мавжуд;

    Зерттеудің негізгі қорытындысы бойынша, Өзбекстандағы білім мен еңбек базарының қажеттіліктері арасында алшақтық бар.

    Сауалнама нәтижелері келесідей:

    Респонденттердің 64% жоғары білімі немесе орта арнаулы білімі бар;

    78% егер мүмкіндігі болса, басқа мамандықты таңдар едік деп айтқан;

    Адамдардың тек 27%-ы дипломды карьералық нәтиженің негізгі факторы деп біледі —көпшілік тәжірибеге, бейімделуге және дағдыларға баса назар аударады;

    74% қатысушы онлайн оқытуды қолдап-қуаттайды, бірақ олардың үштен бірі ғана оны университетке толық балама деп санайды.

    «Hh.uz» хабарлауынша, жұмыс берушілер әлі де дипломға мән бергенімен, олар практикалық тәжірибені, бастамашылдық пен бейімділікті көбірек бағалайды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates