Бұл туралы «Узгидромед» директоры өзінің ресми дереккөзі арқылы ескертті.
Оның хабарлауынша, ағымдағы жылдың 5-7 июль күндері күтілетін жауын-шашынға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында, сонымен қатар:
Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;
Наманган облысы: Поп, Косонсай, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;
Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандарында;
Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалакуддуқ, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандары мен Ханабад қаласында сел-су тасқыны болуы мүмкін.
Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.