Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты Өзбекстан елшілігі Ирандағы Өзбекстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, сондай-ақ Иран үкіметі мен Өзбекстан елшілігінің ресми хабарларын жүйелі түрде бақылауды ұсынды.

Сондай-ақ елшілік әрқашан өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжаттар мен Өзбекстан елшілігінің байланыс мәліметтерін бірге алып жүру қажет екенін атап өтті.

Сізге шұғыл көмек немесе кеңес қажет болса, Өзбекстанның Тегерандағы Елшілігіне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 22299780, 22832025

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанның Израильдегі елшілігі осы елде тұратын Өзбекстан азаматтарына ескерту жасаған болатын.