Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ауа температурасының көтерілуі салдарынан ғимараттардың шатырында жиналған қар, көк мұздардың құлауы туралы ескертті. Сондықтан азаматтарға, әсіресе, балалармен жүргенде сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.
ТЖМ мәліметі бойынша, ғимараттан шыққанда немесе көшелерді айналып жүргенде қар мен мұз жиналған жерлерден алшақ болу және қауіпті аймақтардан жүрмеу талап етіледі. Әсіресе, мұндай аймақтарға балаларды жібермеу керектігі баса айтылды.
Сондай-ақ, төбесі биік ғимараттардың жанында ескерту белгілері мен бөгеттер болса, оларды кесіп өтуге әрекет жасауға болмайтыны айтылды. Сондай-ақ, құлаққап тағудың да қауіпті екені айтылды, өйткені шатырдан құлаған қардың немесе мұздың дыбысын естімей қалуы мүмкін екені айтылды.
Мамандар жаяу жүргіншілерге үстіңгі қабаттардан күдікті дыбыс естілген кезде тоқтамай, ғимаратқа барынша жақындап, қабырғаға сүйенуге кеңес береді. Бұл жағдайда ашық жерде тұру өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Сондай-ақ, көліктерді төбесі биік ғимараттардың немесе қар мен мұзы бар құрылыстардың жанына қоюға болмайды. Төбеден құлаған қар немесе мұздан адам зардап шексе, дереу жедел жәрдем шақыру керек.
ТЖМ азаматтарды ғимараттардың жанынан өту кезінде абай болуға шақырады.