Өзбекстанның кардиология саласындағы жетістіктері Парижде мойындалды

    Денсаулық 19 May 2022 1360

    Бүгінде Францияда өтіп жатқан « EuroPCR 2022» әлем кардиологтары дәстүрлі конгресінің үшінші күні. Пандемия кезіндегі екі жылдық үзілістен кейін өтіп жатқан шара 120 елден әлемнің ең білікті 5000-нан астам кардиологтарының басын қосты.

    Оған Өзбекстаннан да жетекші мамандар делегациясы да қатысуда.

    Конгрессте талқыланатын тақырыптар сан алуан. Бірақ олардың барлығы жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге, медициналық және клиникалық тәжірибеге озық жетістіктер мен инновациялық әдістерді енгізуге арналған.

    Дәлірек айтсақ, дүние жүзінің кардиологтары өткір миокард инфарктісінің, жүректің ишемиялық ауруы, жүректе пайда болған ақаулар, тағы басқа да қауіпті аурулардың алдын алу және емдеу жөнінде пікір алмасып, тәжірибемен бөлісуде.

    Баяндамалар салада жүргізілген соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген. Бұл қатысушыларға ғылыми жетістіктерді кеңінен пайдалану және оларды насихаттау үшін тамаша мүмкіндік.

    «EuroPCR 2022» бұл жолы 300-ден астам ғылыми-практикалық сессияларды қамтыды. Сондай-ақ конгресс аясында әлемнің жетекші клиникаларының ангиокардиографиялық зертханаларында жасалған сирек кездесетін бірегей оталардың тікелей трансляциялары көрсетіледі.

    Шараға елімізден барған мамандардың саны – 11. Олар өз шығуларында медицинаның аталмыш бағытында соңғы жылдары Өзбекстанда қол жеткізілген озық жетістіктер мен тәжірибелерін әлемдегі әріптестерімен бөлісуде.

    – Жүрек-қан тамырлары саласындағы дәстүрлі хирургиялық іс-тәжірибелері ашық операцияларды қамтиды, – дейді конгресс қатысушысы, Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Данияр Алимов. – Бүгінгі ғылыми-білім жетістіктері науқастарды эндоваскулярлық, аз инвазивті әдістер көмегінде, катетер арқылы, жансыздандырусыз, ауыртпай емдеуге мүмкіндік беріп жатқаны сыр емес.

    Бүгінде елімізде де 50-ге жуық заманалық ангиографиялық қондырғылар бар. Бұл тек елордада ғана емес, өңірлерде де осындай күрделі жоғары технологиялық процедураларды жүзеге асыруға жол ашады. Нәтижесінде науқастар ауыр асқынусыз қысқа мерзімде жазылып, отбасыларына оралады. Сонымен қатар мүгедектіктің алдын алуда.

    Ең бастысы, осындай мүмкіндіктердің арқасында отандастарымыздың кардиология және кардиохирургия саласы бойынша шетелдерге барып емделудің қажеті жоқ.

    Конгрессте Өзбекстанның осы саладағы жетістіктерін дүние жүзінің кардиологтары мойындады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    «EuroPCR 2022» өз жұмысын жалғастыруда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates