Өзбекстанның Олимпиада ойындарындағы жетістіктері

    Санаулы күннен кейін Парижде ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары басталады. Биылғы Олимпиада ойындары 26 июльде басталып, 11 авгуске дейін жалғасады.

    Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, биыл 90 спортшыдан құралған Өзбекстан делегациясы спорттың 19 түрі бойынша қатысады. Бұл рекордтық көрсеткіш. Отандастарымыздың алдында үлкен, күрделі міндеттер тұр. Спортшыларымыз қарсыластарымен күресуі және ең үздік нәтиже көрсететініне сенімдіміз. Өзбекстан бұл спорттық жарысқа қатысу үшін қиын сайыстың нәтижесінде лицензиясын жеңіп алды.

    Тәуелсіздік жылдарында Өзбекстан спортшылары рухани күш-қуат, жеңіске жету және нәтиже үшін еңбек ету биік мақсаттарға, әлемнің мойындауына әкелетінін көрсетті. «Юксалиш» қозғалысы өткен жылдар барысында Олимпиада ойындарына қатысып, медальді жеңіп алып, жас өскелең ұрпаққа өнеге болған спортшылар туралы жалпы мағлұматтарды береді.

    Ұсынған деректерімізде 1994 жылдан 2022 жылға дейін ерекшеленген 35 спортшы бар. Олардың арасында Сидней қалаларында бокстан алтын медаль алған Мухаммадқодир Абдуллаев та бар. Баходир Жалолов 2020 жылы Токиода бокс бойынша және Улуғбек Рашитов таэквондо бойынша жазғы Олимпиада ойындарында алтын медальді жеңіп алды. Оксана Чусовитина рекордшы атанып, Олимпиада ойындарына сегіз рет қатысқаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.

    Өзбекстандық спортшылар үшін Парижде өтетін ХХХІІІ Олимпиада ойындары олардың спорттық карьерін жаңа деңгейге көтереді. Олар өздерінің жеңістерін тағы бір рет жаңалайды. Еліміздің спорттық әлеуетін әлемдік деңгейде көрсете алады деп сенеміз.

    Мемлекетіміз үшін ең табысты Олимпиаданың бірі 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада болды. Өзбекстандық спортшылар төрт алтын медаль жеңіп алды.

    Өзбекстан Токио-2020 Олимпиада ойындарында ең көп қатысушымен қатысты.

    2024 жылы Өзбекстан делегациясы ең көп спортшы қыздармен қатысады, бұл да спортқа деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

    Өзбекстан делегациясы 1994-2022 жылдары жеті жазғы және сегіз қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, 11 алтын, 6 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды. Өзбекстанның Олимпиада ойындарындағы спорттық жетістіктерінің қорытындысында спортшылар үш санатта – «алтын», «күміс» және «қола» бойынша ұсынылған.

    Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыздың тізімі:

    Оксана Чусовитина – гимнастика. Спортшы Олимпиада ойындарына сегіз рет қатысқаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген.

    Алтын медальдар

    1. Лина Черязова – еркін әдіс бойынша

    2. Мухаммадқодир Абдуллаев – бокс бойынша

    3. Артур Таймазов – еркін күрес бойынша

    4. Александр Доктуришвили – грек-рим күресі бойынша

    5. Хасанбой Досматов – бокс бойынша

    6. Фазлиддин Гоибназаров – бокс бойынша

    7. Шахобиддин Зоиров – бокс бойынша

    8. Руслан Нурудинов – ауыр атлетика бойынша

    9. Баходир Жалолов – бокс бойынша

    10. Акбар Жураев – ауыр атлетика бойынша

    11. Улықбек Рашитов – таэквондо бойынша;

    Күміс медальдар

    12. Армен Багдасаров – дзюдо бойынша

    13. Магомед Ибрагимов – еркін күрес бойынша

    14. Абдолло Тангриев – дзюдо бойынша

    15. Шахрам Ғиёсов – бокс бойынша

    16. Бектемір Мелиқозиев – бокс бойынша;

    Қола медальдар:

    17. Карим Тулаганов – бокс бойынша

    18. Рустам Саидов – бокс бойынша

    19. Сергей Михайлов – бокс бойынша

    20. Бахадиржон Султанов – бокс бойынша

    21. Уткирбек Хайдаров – бокс бойынша

    22. Антон Фокин – көркем гимнастика бойынша

    23. Екатерина Хилько – трамплин бойынша

    24. Ришод Собиров – дзюдо бойынша

    25. Аббос Атоев – бокс бойынша

    26. Иван Эфремов – ауыр атлетика бойынша

    27. Диорбек Урозбоев – дзюдо бойынша

    28. Рустам Тулаганов – бокс бойынша

    29. Муроджон Ахмадалиев – бокс

    30. Элмурат Тасмурадов – грек-рим күресі бойынша

    31. Иқтияр Наврузов – еркін күрес бойыша

    32. Давлат Бобонов – дзюдо бойынша

    33. Бекзод Абдурахманов – еркін күрес бойынша

    34. Магомед Ибрагимов – еркін күрес бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates