"Туркменпортал" интернет-ақпараттық ресурсының хабарлауынша, Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы елшіні жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық қызметін жүзеге асыруда түркімен тарапы жан-жақты көмек беруге дайын екенін білдірді.
Сұхбат басында қатысушылар екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мемлекетаралық диалог жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті, деп айтылған баспада.
Тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібінің маңызды жақтары бойынша ұстанымдардың ұқсастығын, сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық серіктестіктің нәтижелі дамуы бойынша дамып жатқаны білдірілді.
Айта кетейік, 29 ноябрь күні елші Равшанбек Алимов Түркіменстан астанасына барған болатын. Ол 2020-2024 жылдары Олий Мажлис Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар мен туризм мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы міндетін атқарған. Равшанбек Алимов бұған дейін Өзбекстанның Украйнадағы және Молдабадағы уақытша міндетін атқарушы елшісі, сондай-ақ Франциядағы және уақытша міндетін атқарушы негізінде Португалиядағы елші лауазымдарында қызмет еткен.