Өзбекстанның жаңадан тағайындалған елшісі Оңтүстік Корея президентіне сенім грамотасын тапсырды

    Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Алишер Абдусаломов Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёлға сенім грамотасын тапсырды.

    “Дунё“ АА-нің хабарлауынша, ресми рәсім аясында өткен сұхбат кезінде Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашақтары талқыланды.

    Оңтүстік Корея Президенті Өзбекстан елшісіне өзара қарым-қатынасты нығайту жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

    Айта кетейік, Өзбекстан елшісі Алишер Абдусаломов 29 август күні Корея Республикасының астанасына барған болатын. Ол 1995 жылдан 2024 жылға дейін қысқа демалыспен Өзбекстанның Сеулдегі елшілігіне басшылық жасаған Виталий Феннің орнына тағайындалған.