Мемлекет басшысын Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда құрметті қарауыл сап түзеді. Өзбекстан мен Иранның мемлекеттік тулары көтерілді.
Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Президенттер құрметті қарауылдың алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерімен амандасты.
Бірлескен суретке түсу рәсімінен кейін басшылардың шағын құрамдағы кездесуі басталды.