Гормондарды өз бетінше қабылдау ауыр асқынуларға әкеледі

    Денсаулық 16 Avgust 2022 3733

    Коронавирустың ең ауыр асқынуы жамбас, иық және тізе буындарының бұзылуы екені көпшілікке белгілі. Еліміздің ғана емес, дүние жүзінің медицина ғалымдарының ғылыми тұжырымы осындай.

    Статистикалық талдауға жүгінсек, бұл дертке шалдыққандар саны індетке дейінгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейін 3-4 есе артқанын көреміз.

    Соның салдарынан жоғары технологиялық операция саналатын эндопротездік операцияны қажет ететін науқастардың саны осы аурудың ауыр кезеңдерінде көбейіп барады.

    Осы орайда Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедия орталығының директоры Мурод Ирисметов өз пікірін айтады:

    «Коронавирустық пандемия басталмай тұрып-ақ, аваскулярлық некрозбен ауыратын науқастардан шағымдар болды», - дейді маман. – Бірақ олардың саны қазіргідей көп емес еді.

    Негізінен ревматологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын гормондық препараттардың асқынуы сүйек буындарының эрозиясын тудырды деп айта аламын.

    — Алайда, елімізге 2020 жылдың 15 мартында COVID-19 вирусы кіріп келген соң, сол жылдың август, сентябрь айларында эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенде, адамдар қобалжып, қатты алаңдады.

    Осы кезеңде елімізде аталмыш вирустың алдын алу бойынша арнайы хаттамалар әзірленді. Алайда кейбір науқастардың үй жағдайында өз бетінше тағайындаған дәрі-дәрмектерді, әсіресе антибиотиктер мен гормондық препараттарды қолдануы әртүрлі асқынулар туғызды.

    Мысалы, гормондық препарат науқастың реанимация бөліміне, аурудың ең ауыр кезеңінде, медициналық нұсқауларға сәйкес түскенде ғана тағайындалады. Басқа жағдайларда оны өз бетінше пайдалануға тыйым салынады.

    Қазір біздің медициналық орталықта осы аурумен ауыратын мыңнан астам науқастың тізілімін жасадық. Талдау барысында біз олардың барлығы дерлік 2020 жылы коронавирустан өз бетінше емделген және гормондарды қабылдаған науқастар екенін көреміз.

    SOVID-19 емдеу хаттамасын жаңарту, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау шараларын жүргізу, сондай-ақ осыған байланысты халықтың медициналық мәдениетін арттыру нәтижесінде 2021 жылы коронавирусқа қарсы ем қабылдаған науқастар арасында некроз дерлік кездескен жоқ.

    Маман сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді. Сондай-ақ, осы хабарлама арқылы дәрі-дәрмек, әсіресе, гормондарды өз бетінше қолданудың түрлі ауыр асқынулар тудыратынын тағы бір мәрте еске саламыз.